Алматыда автобус көшенің қақ ортасында отқа оранды

Алматыда автобус көшенің қақ ортасында отқа оранды
Суреттер: Inform.kz

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. 

Алматыда № 38 автобус өртенді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне таңертең сағат 8.27-де Саин-Шаляпин көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.

«Жедел түрде көбікпен өрт оқпандары енгізіліп, автобус конструкцияларын салқындату үшін бөлек өрт оқпандары берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 08-47-де оқшауланып, 08-50-де толық сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады ведомстводан.

Автобус «Алматыэлектротранс» ЖШС-на тиесілі.