Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Сурет: интернеттен

Синоптиктер еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашар болатынын ескертті.

24 наурызда, жексенбіде Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлап, атмосферада зиянды қоспалар жиынтығы көп болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Болжамға сәйкес, Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Қарағандыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркелуі мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Мұндай ауа райы кезінде:

көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;

балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;

созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар дәрі-дәрмегін өзімен бірге алып жүруі тиіс;

таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;

дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.