Алматыда Алаш қайраткері Мұстафа Бұралқиев жайында жазылған кітаптың тұсаукесері өтті

Алматыда Алаш қайраткері Мұстафа Бұралқиев жайында жазылған кітаптың тұсаукесері өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында тарихшы ғалым Тұңғышбек Байқұлов пен белгілі баспагер Ерлан Сатыбалдиевтің құрастыруымен Алаш қайраткері, ұлағатты ұстаз, ғалым Мұстафа Бұралқиев жайында жазылған «Тараздың тарландары – Алаштың ардақтысы» атты кітаптың тұсаукесері рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шарада белгілі ғалым, өнер зерттеуші Сағатбек Медеубекұлы модераторлық етті.

Сондай-ақ лента қию рәсіміне Әбдиев Жұмабек, Тұңғышбек Байқұлов, Ерлан Әбенұлы, Сағатбек Медеубекұлы, Айжамал Құдайбергенова қатысты.

Жиын барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Айжамал Құдайбергенова, Бұралқы болыстың ұрпағы, зейнеткер Әбдиев Жұмабек, тарихшы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, Әлем халықтары Жазушылары одағының мүшесі, өлкетанушы Тұңғышбек Байқұлов, баспагер, «Мектеп» баспасының бас директоры Сатыбалдиев Ерлан Әбенұлы, ғалым, филилогия ғылымдарының кандидаты, жетекші редактор Жібек Досбай Алаш қайраткері жайлы сөз қозғады.