Алматыда АИТВ жұқтырғандар министрмен кездескілері келмейді

Алматыда АИТВ жұқтырғандар министрмен кездескілері келмейді
Сурет: Zakon.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысының кулуарында Алматыдағы АИТВ жұқтыру жағдайы туралы айтты.

Ажар Ғиният комиссия келесі аптада Алматыда емханадағы АИТВ жұқтыру фактісі бойынша жұмысын аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

«Біз бәрін анықтаймыз. Қазір олар жұмыс істеп жатыр. Алдын ала қорытынды бұл, білесіздер, өте маңызды мәселе. Сондықтан комиссия жұмысты аяқтап, толық анықтама дайындап, тиісті құжатты береді. Қорытынды әкімдік пен Денсаулық сақтау министрлігіне ресми түрде тапсырылады», - деді министр.

Ажар Ғиният АИТВ жұқтырған науқастармен кездеспегенін айтты.

«Комиссия (тергеу) жүргізіліп жатыр. Елде дәрігерлік құпия туралы заң бар. Ондай науқастармен кездескісі келетін адамдардың бәрі кездесу құқығына ие емес. Заң ондай науқастарды қорғайды, сондықтан қазір барлығы тиісті шаралар аясында жүргізіліп жатыр. Оны білуге құқығым жоқ. Медициналық құпия бар. Кездесу тек науқастардың келісімімен болады. Олардың кездескісі жоқ», - деп түсіндірді Ажар Ғиният.

14 маусымда Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ инфекциясының үш жағдайы анықталды.