Алматыда Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысындағы қозғалыс 8 сағатқа шектеледі

Алматыда Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысындағы қозғалыс 8 сағатқа шектеледі
Сурет: Inform.kz

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің мәліметіне сәйкес, 2022 жылы 16 сәуірде сағат 22:00-ден 17 сәуір сағат 6.00-ге дейін Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аталған жерде жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде апаттық жұмыстар жүргізу (жабынның апаттық тақталарын ауыстыру) үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.