Алматыда 350 мың ағаш отырғызылады

Алматыда 350 мың ағаш отырғызылады
Сурет: Greencyprus.com

Алматы жасыл желекке оранады

Мегаполисті қалпына келтіру және одан әрі дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Алматының 2022 жылға арналған бюджетін нақтылау бойынша мәслихаттың XVI сессиясы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, қазір Алматыда 2,6 миллион ағаш бар. Қалада саябақтар мен скверлер аздық етіп отыр. 

«Саябақ, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймақтары жетіспейді. Алматының әрбір бесінші ағашы әлсіз. Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылдан бастап Алматыда 1 млн ағаш отырғызу бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның аясында биыл қала бойынша 350 мыңға жуық көшет отырғызу жоспарлануда», – деді Ерболат Досаев.

Алматының жасыл қорын жақсарту үшін алдағы екі жыл ішінде әкімдік 1 млн ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

«Осыған байланысты,  "Жасыл қала" мәртебесін сақтау және арттыру үшін нақтылау аясында Алатау ауданында тамшылатып суаруды дамытуға 332,3 млн теңге қарастыруды ұсынамыз», – деді мегаполис басшысы.