Алматыда 126 мың видеобақылау камерасы бар

Алматыда 126 мың видеобақылау камерасы бар
almaty-akshamy.kz

Алматының қауіпсіздігін 126 мың видеобақылау камерасы қамтамасыз етеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Цифрландыру процестері мемлекеттік деңгейде жүреді және өмірдің барлық салаларына әсер етеді. Мегаполисте Президенттің тапсырмасы бойынша азаматтар көп жиналатын орындарға 3 050 видеокамера орнатылды, деп хабарлады Алматы экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәслихаттың VI сессиясында. 

Қазір Алматыда 126 мыңға жуық бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның 18,4 мыңы қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.