Алматы үшін Түркия мен Сириядағы табиғи апаттар үлкен сабақ болуы тиіс

Алматы үшін Түркия мен Сириядағы табиғи апаттар үлкен сабақ болуы тиіс

Соңғы рет Алматыдағы нысандарды паспорттау 2017 және 2018 жылдары жүргізілген.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап.

Жиын барысында Үкімет басшысы сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, Түркия мен Сирияда болған табиғи апаттар біздің еліміз үшін, әсіресе Алматы үшін үлкен сабақ болуы тиіс.

Ол соңғы рет қаладағы нысандарды паспорттау 2017 және 2018 жылдары жүргізілгенін атап өтті. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен қала әкімдігі бірлесіп, қысқа мерзімде аудит жүргізіп, сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі пәрменді шараларды іске асыруы тиіс.

«Бұл мәселелерде әлемдік тәжірибені тек Алматыда ғана емес, еліміздің жер сілкінісіне ұшырауы ықтимал басқа да өңірлерінде пайдалану қажет. Уәкілетті мемлекеттік органдар бұған дейін алынып тасталған жобалау, құрылыс және бақылау процестерін заңнамалық тұрғыда қатаңдату мәселесін шұғыл түрде қарастыруы керек», - деді Әлихан Смайылов.