Алматы циркінің әртістері халықаралық фестивальде жүлделі орын иеленді

Алматы циркінің әртістері халықаралық фестивальде жүлделі орын иеленді
Almaty-akshamy.kz

Алматы циркінің әртістері халықаралық фестивальде жүлделі орын иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақ мемлекеттік цирк әртістері "Без границ" екінші халықаралық цирк өнері фестивалінде қола жүлдеге иеленді. Фестиваль Санкт-Петербургте 14-17 қыркүйек аралығында өтті.

Әділет Тикановтың жетекшілігімен Hassak тобы “Акробаты на двойной мачте” нөмірін орындап, жоғары деңгейде кәсіби дайындығын көрсетті. 

Қойылымда діңгектен діңгекке секіру, күшті сынайтын трюктер және тепе-теңдік сияқты күрделі трюктар болды. Топ 7 адамнан тұрады, олар Томирис қойылымында ерекше өнер көрсетті.

Бұған дейін Hassak командасы Астанадағы Эхо Азия халықаралық фестивалінде алтын, ал Almaty circus festival-да күміс медаль жеңіп алды.  

Түрлі жанр бойынша фестивальге барлығы 16 елден 200 әртіс қатысты.