Тауда турист жоғалды

Тауда турист жоғалды
Сурет: ашық дереккөз
Алматы тауларында аустралиялық турист жоғалып кетті.  Оны іздеуге полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі мен еріктілер жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Хабарламада 21 мамыр күні Jake Michael Үлкен Алматы көліне серуендеу үшін Қазыбек би көшесі, 66-үйде орналасқан "727" хостелінен шыққаны жазылған.

Белгілері: арықтау келген, қара қысқа шашты, қой көзді, сақал-мұрт қойған.

Көрген-білгендер болса, 8 701 357 92 91 нөміріне немесе полицияға хабарласса болады.

Сондай-ақ қалалық ТЖД 22 мамырдан бері іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Жоғалған турист әлі табылған жоқ.