Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы келді

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы келді
Сурет: Inform.kz

Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Қасымхан Алпысбайұлы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Департаменттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы Батырбек Сұлтанұлы Әбділдин жаңа басшыны ұжымға таныстырды және әрі қарайғы қызметіне табыс тіледі.

Қасымхан Алпысбайұлы 1977 жылдың 21 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан облысы) Түлкібас ауданында дүние келген, ұлты қазақ. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Орталық-Азия университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Бостандык ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінен бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы аудандарының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінде санитарлық дәрігер болып жұмыс жасаған. 2009 – 2014 жж. Алматы қаласының Жетісу ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің басшысы болып істеген. 2014 жылдан бері Алматы қаласының Медеу ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің басшысы болып қызмет атқарған.

Ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды. Жұмыста жеткен жетістіктері үшін «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградаларымен, «Халық алғысы» медалімен марапатталған.