Мегаполистің екі миллионыншы тұрғынына сыйлық берді

Мегаполистің екі миллионыншы тұрғынына сыйлық берді
сурет: Egemen.kz

Алматы полицейлері қаланың екі миллионыншы тұрғынына жеңіл арба сыйлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаланың екі миллионыншы тұрғыны  патрульдік полиция инспекторы Бейбіт Әбілдаевтың қызы Аяла Жамбыл. Ол – отбасындағы алтыншы бала.

«Шаһардың екі миллионыншы тұрғыны көп балалы әріптесіміздің отбасында дүниеге келді. Ал бүгін жеке құрамның атынан нәрестеге жеңіл арба сыйладық. Біз Аялаға мықты денсаулық және анасына тез сауығып кетсін деп тілейміз», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.