Алматы полициясының басшысы Медеу ауданының ПИК және ОСИ өкілдерімен кездесті

Алматы полициясының басшысы Медеу ауданының ПИК және ОСИ өкілдерімен кездесті
Сурет: Polisia.kz

Алматы қалалық ПД-ның бастығы Арыстанғани Заппаров ПИК төрағаларымен және ОСИ директорларымен кездесулер өткізу дәстүрін жалғастырды. 

Ол мұндай жиындардың қаладағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі жоғары тиімділігі мен көмегін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл жолы сындарлы диалог Медеу ауданының белсенділерімен өткізілді. Қоғам белсенділерін түнгі уақытта ойын-сауық мекемелеріндегі тыныштықты бұзу деректері алаңдатады.

«Демалушылар – басқа әлемнен келгендер емес, олар біздің азаматтарымыз: балаларымыз, көршілеріміз, бауырларымыз. Бұған өзіміз де белсене қатысуымыз керек. Сондықтан жастарды бүкіл қоғам болып тәрбиелейік. Біз сіздермен бірге ғана тәртіпті жасай аламыз», – деді Арыстанғани Заппаров.

Сонымен қатар, спикер бейнебақылау жүйелерін жетілдіру қажеттігін атап өтті.

«Сіздер ПИК төрағалары, ОСИ директорлары бұл жұмысты ұйымдастыруға міндеттісіздер. Кіреберістерде камералар бар. Бұл камералар 10 жыл бұрын орнатылған. Қожайыннан: “Жаңарту бола ма?” деп сіздер сұрауларыңыз керек емес пе»? – деді Алматы қаласының бас полицейі.

ПИК және ОСИ төрағалары өз кезегінде, мұндай жұмыс кездесулері өздеріне сеніп тапсырылған аймақтың күнделікті өміріне оң әсер ететініне сенім білдірді. 

«Біздің "Алатау" ықшамауданы қаланың шет жағында орналасқандықтан, қалаға тез жетіп, бірдеңені хабарлау өте қиын. Біздің учаскелік полиция қызметкерлері бізбен тәулік бойы жұмыс істейді, олар күнделікті байланыста. Үлкен рақмет. Біз өте ризамыз. Халыққа мұндай кездесулер қажет: біз заңнамадағы кейбір жаңалықтарды біліп, өтініштерді қарап, оны басқа тұрғындарға жеткізе аламыз», – деп атап өтті “Алатау актив” ПИК төрағасы Татьяна Абажей.