Алматы полициясында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті

Алматы полициясында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті
Сурет: Polisia.kz

Алматы қалалық ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Қуаныш Құлатаевтың айтуынша, жарысқа 100 полиция қызметкері, 11 команда қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Турнирге қатысушылар 57 келі, 62 келі, 67 келі, 73 келі, 80 келі, 88 келі, 97 келі және 97 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жарыс жеңімпаздары осы жылдың тамыз айында Атырау қаласында өтетін ҚР ІІМ-нің қоян-қолтық ұрыс чемпионатына қатысуды жалғастырады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды.

Жеке есепте: 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

І-орын – Түрксіб аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Бауыржан Айтқожа; ІІ-орын – ПД ТҚеБ ККШ полицей-жүргізушісі Бекзат Қайрулдаев; ІІІ-орын – Бостандық аудандық ПБ пост полицейі Данияр Нұрғазыұлы.

62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде: І-орын – ПД ЖҚАЖ инспекторы Нұрлан Үсенов; ІІ-орын – Түрксіб аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Ораз Камет; ІІІ-орын – Әуезов аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Қайсар Жұмахан.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде: І-орын – Алмалы аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ  Әбілқайыр Шыныбаев II-орын – ПД ЖПҚБ арнайы батальонының аға инспекторы Тілеубек Дархан ІІІ-орын – ПД ЖҚАЖ инспекторы Әділет Молдахан.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде: І-орын – Әуезов аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Іңкәрбек Әлібек; ІІ-орын – ПД ЖҚАЖ инспекторы Әмзе Жаңабай; ІІІ-орын – Бостандық аудандық ПБ ТБ тергеушісі Қасиет Әзібай.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде: І-орын – Түрксіб аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Дәурен Қамаш; ІІ-орын – Бостандық аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Серік Сарсенов; ІІІ-орын – ПД ЖҚАЖ инспекторы Жомарт Балабек.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде: I-орын – Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Ұлан Қасымжан; ІІ-орын – Түрксіб аудандық ПБ КПБ жедел уәкілі Сұлтан Қамзабек; ІІІ-орын – Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Арслан Бауедимов.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде: І-орын – ПД ЖҚАЖ инспекторы Қанат Досқуатов; ІІ-орын – Бостандық аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ  Айбар Тілеуханов; ІІІ-орын – Әуезов аудандық ПБ КПБ жедел уәкілі Мәди Болат.

+ 97 келі салмақ дәрежесінде: І-орын – Әуезов аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Айбек Бәкір; ІІ-орын – ПД ЖҚАЖ инспекторы Айбек Сариев; ІІІ-орын – Түрксіб аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Марат Тұрғанбай.

Командалық есепте: I-орын – Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ командасы; II-орын – Түрксіб аудандық ПБ; III-орын – Әуезов аудандық ПБ.