Алматы полициясы есірткі қылмыскерлерін әшкереледі

Алматы полициясы есірткі қылмыскерлерін әшкереледі
Сурет: Polisia.kz

Қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің мәліметінше, есірткі қылмысын жасады деген күдікпен ішкі істер органдарымен іздеуде жүрген азаматтарға қатысты суреттер жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz

«Естеріңізде болса, азаматтарды БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы қылмыскерлерді іздеуге тарту тәжірибесі алғаш рет бірнеше жыл бұрын пайда болған. Ұзақ уақыт бойы қалта ұрыларының суреті жаңартылып келді. Жедел уәкілдер қоғамдық орындарға “Ұры ұйықтамайды” айдарымен қалта ұрылары бейнеленген ақпараттық плакаттарды жапсырған. Айтпақшы, бұл қоғамдық шара оң әсерін тигізді: кейбір жеңіл ақшаға құмарлар туыстары мен достарының алдында ұялғандықтан ғана ұрлауды қойды. Бүгінде бір емес, бірнеше адамның өмірін қиған есірткі қылмыскерлері осындай механизммен жария етілді. Азаматтардың бей-жай қалмауы және іздеуде жүрген адамдардың жүрген жері туралы мәліметтерді білген жағдайда бұл туралы полицияға хабарлауы өте маңызды. Қылмыскерлерді қолға түсіру – уақыт еншісінде», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.