Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жек күні жарияланды

Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жек күні жарияланды
Сурет: Ашық дереккөзі

Brave лигасының қазақстандық файтері Асу Алмабаев 26 қарашада Индонезияда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен 26 қарашада Индонезияда Brave-те дағыстандықпен жекпе-жек өткіземін. Бірақ ресми түрде лига жариялағаннан кейін айтамыз. Сол жерде дайындалып жатырмыз, қазір тауда, сосын төмен түсеміз, салмақ қуамыз. UFC-ге келер болсақ, біз Brave-пен келісімшартты аяқтап, содан кейін ол жерді де шулатамыз», - деді Алмабаев.

Асу қатарынан 12 жекпе-жек бойы жеңіске жетіп келеді. Кейінгі кездесуін 30 шілдеде өткізіп, Bellator экс-чемпионы Зак Маковскиді төрешілер шешімімен жеңген болатын.