Алматы орталығында граффити жазулары жойылды

Алматы орталығында граффити жазулары жойылды
Сурет: Polisia.kz

Дәстүр бойынша оған еріктілер, сонымен қатар саналы, белсенді жастардың өкілдері қатысты.

Алматы орталығында граффити жазулары жойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белсенділер мен тәртіп сақшылары шаһардың көп қабатты және жер үйлердің аумақтарын, сондай-ақ жас ұрпақ ең көп шоғырланатын жерлерді қамтыды. Олар синтетикалық есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын граффити жазуларды анықтау және жою жұмыстарын жүргізді.

Тұрғын үйлердің, гараждардың және кеңсе ғимараттарының қабырғаларына есірткінің таралуын насихаттайтын сайттарды жарнамалайтын трафареттер мен граффитилер боялған. Бұл науқанға 50 адам қатысты. Шара соңында олар қала тұрғындарына тақырыптық брошюралар таратты.