Алматы облысында жол жабылады

Алматы облысында жол жабылады
Сурет: alataunews.kz

Ағаш бұтақтарын кесуге байланысты «Алматы – Шамалған – Ұзынағаш» республикалық тас жолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі.

Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Шектеу 7 тамыз күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін болады.

«Республикалық маңызы бар А-2 "Алматы – Шамалған – Ұзынағаш" тас жолының учаскелерінде 21-23 шақырымында (Қырғауылды ауылы) ағаш бұтақтарын кесуге байланысты көліктің барлық түрі үшін қозғалысты шектеу немесе жабу туралы шешім қабылданды»,- дейді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.