Мен жылқышы, сен шабан...

Мен жылқышы, сен шабан...
Gov.kz

Жамбыл облысында үздік жылқышы мен шопандарға 15 млн теңге және көлік кілті табыс етілді

Ата кәсіпті қолға алып, төрт түлікті түлетіп отырған малшылар қауымы еліміздің түкпір-түкпірінен жиналды. Іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығы аясында ұйымдастырылды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алғаш рет ұйымдастырылған іс-шара ауыл шаруашылығы скверін ашудан басталды. Демалыс орны екі мәрте Социалистік Еңбек ері болып, дала академигі атанған Жазылбек Қуанышбаевтың құрметіне арнайы салынған. «Таразға тарту» жобасымен жасалған орында шопанның барельеф бейнесі қойылды. Ал осы сквер тұрған көшеге атақты малшының аты ресми түрде берілді.

Слеттің негізгі бөлігі Тұрар Рысқұлов ауданында өтті. Шаруалар көрме ұйымдастырып етті, сүтті бағыттағы асыл тұқымды түліктерін көрсетті. Айта кету керек, соңғы жылдары өңірде мүйізді ірі қара, 10, уақ мал 3,7, жылқы басы  5,2 процентке өскен. Шара кезінде тынбай еңбек еткен малшылар арнайы төсбелгілермен марапатталды. Үздік жылқышылар мен шопандарға 15 миллион теңгенің сертификаты мен көлік кілті табыс етілді.