Бірқатар өңірде қар жауып, күн суытады

Бірқатар өңірде қар жауып, күн суытады
liter.kz

"Қазгидромет" 29 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


29 қазан Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертеңгі уақыттарда тұман болады.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде тұман болады.

29 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз 29, тәулік бойы 30 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады.

29 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында онтүстік-батыстан соғатын жел, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Таңертең және күндіз 29 қазанда Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түнде және күндіз 29 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман күтіледі. 29-31 қазанда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.