Әлемнің ең дәулетті актрисасы белгілі болды

Әлемнің ең дәулетті актрисасы белгілі болды
сурет: Kino.mail.ru

Forbes журналы ең ауқатты актрисаны анықтады.

«Жестокие игры» және «Блондинка в законе» фильмдері арқылы танымал 45 жастағы Риз Уизерспун әлемдегі ең бай актриса деп танылды. Бұл жайлы Forbes жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазіргі уақытта актрисаның байлығы 400 миллион долларға бағаланды. Бұған дейін ол өзінің Hello Sunshine өндірістік компаниясын 900 миллион долларға сатқан. Студия «И повсюду тлеют пожары», «Большая маленькая ложь» и «Исчезнувшая» сияқты танымал жобаларды жасаған.

Уизерспун сонымен қатар кино индустриясындағы ең көп төленетін жұлдыздардың бірі. Сериалдың бір эпизоды үшін ол кем дегенде 1 миллион доллар алады.

Ол продюсерлікпен де айналысады және еуропалық өндірушілердің жиһаздары мен интерьер заттарын таратумен айналысатын Crate & Barrel жарнамасына түскені үшін қомақты ақы алады.

Өткен жылы Forbes әлемдегі ең көп төленетін актриса деп София Вергараны атаған болатын. 2020 жылы ол 43 миллион доллар тапты. Үштік қатарында Анджелина Джоли мен Галь Гадот бар.