Алматы облысында полицей қаруланған отбасылық агрессорды ұстады

Алматы облысында полицей қаруланған отбасылық агрессорды ұстады
Сурет: Polisia.kz

17 сәуірде Алматы облысының елді мекендерінің бірінде шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторына жергілікті тұрғын қарудан оқ атқан.

Салдарынан тәртіп сақшысы жарақат алды. Жараланғанына қарамастан полицей ер адамды ұстады, джеп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап

Ұсталған адам мас күйде болған. Күдіктінің іс-әрекетінде құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар деп танылды. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.