Алматы облысында екі шетелдік психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана ашқан

Алматы облысында екі шетелдік психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана ашқан
Сурет: ашық дерекөз

ҚР ҰҚК-нің Алматы облысы бойынша департаменті 22 наурызда жеке үйде орналасқан психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Осы құқық бұзушылық жасады деген күдікпен екі шетелдік ұсталды, деп хабарлайды құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі.

Тінту барысында 20 келіге жуық синтетикалық есірткі, 1 мың литр прекурсорлар мен "синтетика" жасауға арналған жабдықтар алынды.