«Алматы» қонақ үйінің ғимаратынан өрт шықты, 100-ден астам адам эвакуацияланды

«Алматы» қонақ үйінің ғимаратынан өрт шықты, 100-ден астам адам эвакуацияланды
Сурет: Egemen.kz

Аталған қонақ үй Бурабайда орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бурабай кентінде 106 адам құтқарылып, эвакуацияланды. 6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері барып, 3 қабатты «Алматы» қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды. Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.