Алматы қаласының жастары «Әлеуметтік шеберхана» акциясына қатысты

Алматы қаласының жастары «Әлеуметтік шеберхана» акциясына қатысты
Сурет: Aлматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін балалардың «SOS» ауылында Алмалы ауданы коммуналдық орталығының жастары «Алматы - біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында «Әлеуметтік шеберхана» акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты-қарттар үйлері, балалар үйлері, үйсіздерге көмек көрсету орталықтары және басқа да осындай ұйымдар сияқты әлеуметтік мекемелердегі жағдайды жақсартуға жәрдемдесу, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Акция аясында Алматы қаласының белсенді жастары аумақты тазартуға, балалар үйінің орындықтары мен ойын алаңын бояуға көмектесті.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады. 

Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.