Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшысының м. а. тағайындалды

Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшысының м. а. тағайындалды
almaty-akshamy.kz

Алмас Шабдарбаев 1972 жылы Жетісу облысы, Қызылту ауылында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын және Алматының зооветеринарлық институтын бітірген.

Еңбек қызметі кезеңінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасы орынбасарының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің әкімшілік жұмыс департаментінің директоры болып жұмыс істеді. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, «Жасыл даму» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да басшылық қызметтер атқарды. Сондай-ақ, «Mabco Constriction SA» шетелдік құрылыс компаниясы филиалының аппарат басшысы болды.

Тағайындалғанға дейін «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.