Алматы-Екатеринбург бағытында 8 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апатының себеп-салдары анықталды

Алматы-Екатеринбург бағытында 8 адамның өмірін жалмаған  жантүршігерлік жол апатының себеп-салдары анықталды
Сурет: Newtimes.kz

Жол апаты: жүргізуші көлік тізгінін 17 жастағы балаға берген.

Апат 16 шілдеде Қарағанды облысының аумағанда болған еді. Шағын автобустың жүргізушісі ұзақ жолда қатты шаршағандықтан, тізгінді 17 жастағы балаға берген болып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол шамамен 200 шақырым жүріп өтіп, Балқаш қаласына жақындағанда қарсы бағыттағы ауыр жүк көлігіне бетпе-бет соғылған. Апаттың салдарынан шағын автобустың жүргізушісі және тағы 7 адам сол жерде көз жұмды. Ауыр жарақат алған 9 адам ауруханаға жеткізілген еді. Автобуста барлығы 17 жолаушы болған. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.