Алматы базарындағы өрт толығымен сөндірілді

Алматы базарындағы өрт толығымен сөндірілді
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұдан бұрын базардағы қоймадан өрт шыққанын хабарлағанбыз.

Бүгін Алматыдағы «Кенжехан-2» киім базары аумағындағы қоймалардың бірі отқа оранып, ондағы өрт сағат 12-52-де оқшауланған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға орнында бірден жедел штаб құрылып, өртті сөндірудің үш учаскесі анықталды. Көрші тұрған контейнерлерге оттың ұласпасы үшін өрт оқпандары іске қосылды. Тауарлық-материалдық құндылықтары бар қоймалардың, көптеген көліктің жүктемесі барына, базар аумағындағы адамдардың болуына қарамастан өрт сағат 14:05-те толықтай сөндірілді», - делінген хабарламада.

Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД және қалалық қызметтердің күштері мен құралдары тарапынан 74 адам, 20 техника жұмылдырылды.