Алматы ауруханаларында КВИ жұқтырған 1554 адам ем қабылдап жатыр

Алматы ауруханаларында КВИ жұқтырған 1554 адам ем қабылдап жатыр
Сурет: M24.ru

Оның ішінде 110 бала емделіп жатыр. 

Алматыда COVID-19 жұқтырған 1 554 науқас ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 ақпандағы ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1146 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 33, келіп түскені – 97. 

«Инфекция стационарларында 1 554 адам бар (төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 110 бала емделіп жатыр», – делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 114 адам жатыр. 

Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 38 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 27 аппарат жұмыс істейді. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 8553 пациент бар. 

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 8 016 науқас, симптомсыз 537 науқас бар.