Алматы ауруханаларында 200 астам адам COVID-19 ауруынан емделіп жатыр

Алматы ауруханаларында 200 астам адам COVID-19 ауруынан емделіп жатыр
Сурет: Astanatimes.com

Оның ішінде 9 бала бар. 

Алматыда бір тәулікте 66 адам КВИ жұқтырды. Оның 57-сінде симптом бар, 9-ында ауру белгілері жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

54 адам жазылып шықса, 14 адам ауруханаға жаңадан түсті. 845 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 238 адам жатыр, оның ішінде 9 бала бар. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 28 адам жатыр.

8 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 5 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді.

«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 577 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда 552 науқас, симптомсыз 25 науқас бар»,- делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.