Алматы аудандарының әкімдері көп балалы аналармен сегіз кездесу өткізді

Алматы аудандарының әкімдері көп балалы аналармен сегіз кездесу өткізді
Суреттерді түсірген - Самат

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, 2023 жылдың наурыз айында аудан әкімдері көп балалы аналармен 8 кездесу өткізді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Кездесуге барлығы 114 көп балалы отбасы келіп, әкімдерге 129 сұрақ жолданды. Оның 80-і бойынша түсініктемелер берілді, кездесулерден кейін 18 мәселе пысықталды, тағы 31-і жұмыста.

Негізгі мәселелер:

* тұрғын үй алу (кезекке қою) – 24;

* білім (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Аrt sport бағдарламасы.sport) 14 ;

* Денсаулық сақтау – 10 ;

* әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) – 18;

* ТКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 14;

* жұмысқа орналасу және бизнес гранттары – 4;

* Көлік – 4;

* басқалары – 41 .

Қала әкімдігі аудан әкімдерінің қаланың көпбалалы аналарымен 2023 жылғы сәуірге арналған кездесулерінің тиісті кестесін бекітті. 

Еске салсақ, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесулер барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Аудан әкімдерінің қаланың көп балалы аналарымен  2023 жылғы сәуір айындағы кездесулерінің кестесі

Өтетін  күні

Өтетін уақыты

Өтетін орны

Ескертпе

Алатау ауданы

19.04.2023 ж.

Сағат 10.00

Алатау ауданы әкімінің аппараты

(Жанкожа батыр, 26)

 

Алмалы ауданы

27.04.2023 ж.

Сағат 10.00 .

«Бақытты отбасы» орталығы

(Наурызбай батыр, 106 А)

 

Әуезов ауданы

07.04.2023 ж.

Сағат 10.00 .

Әуезов ауданы әкімінің аппараты Алтынсарин даңғылы,23

 

Бостандық ауданы

12.04.2023 ж.

Сағат 10.00 .

№63 мектептің акт залы(Шмелев, 88, Ә. Кекілбайұлы көшесінің қиылысы)

 

Жетісу ауданы

20.04.2023 ж.

Сағат 15.00 .

«Бақытты отбасы» орталығы

(Жансүгіров көшесі, 65)

 

Медеу ауданы

25.04.2023 ж.

Сағат 10.00 .

№99 мектеп

(Иштван Қоңыр көшесі, 53)

 

Наурызбай ауданы

18.04.2023 ж.

Сағат 10.00 .

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты

(Шұғыла шағын ауданы, 347)

 

Түрксіб ауданы

26.04.2023 ж.

Сағат 10.00 .

«Бақытты отбасы» орталығы

(Р.Зорге көшесі, 9)