Алматы академиясының басшысы павлодарлық студенттерге дәріс өткізді

Алматы академиясының басшысы павлодарлық студенттерге дәріс өткізді
Сурет: Polisia.kz

ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков Павлодар қаласында Toraighyrov University-де болып, мотивациялық көшбасшылық дәріс өткізді.

Дәрісте цифрландыру жағдайында құқықтық ағарту және құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбын көтерді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектептер мен университеттерге бару, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында академия бастығы заңнаманы түсіндіруге және киберқылмыстың алдын алуға ерекше назар аударды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Интернеттегі пайдаланушыларды күтіп тұрған қауіптер туралы білу маңызды. Әрбір пайдаланушы интернеттегі жұмыс белгілі бір тәуекелге баратынын түсінуі керек. Бұл фактіні білу – көптеген мәселелерден аулақ болу. Кибергигиена көптеген қауіптерден аулақ болуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті лектор өзінің жеке деректерімен жұмыс жасауда аса сақтықты еске салып.

Айдар Сайтбеков студенттерге интернет-алаяқтар қолданатын алдау тәсілдері туралы айтып берді. Көбінесе алданған адамдардың тізіміне белгілі бір қызметтерге айырбастау үшін жеңіл ақшамен келісетін жастар кіреді. Олар өздерінің онлайн әмияндарын немесе карточкалық шоттарын ұсынып, құрбан болады немесе қылмыстық қудалау орбитасына түседі. Осындай салдардан қорғану үшін академия бастығы студенттерді күмәнді ұсыныстардан бас тартуға шақырды. Диалогтың маңызды тақырыбы есірткі қылмысының алдын алу болды. Айдар Муталикович қылмыстың осы түрімен күрестегі халықаралық тәжірибе туралы айтып, есірткі таратқаны үшін жастарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мысалдарын келтірді. Студенттер полициямен кездесудегі алғашқы тәжірибелері туралы айта отырып, кездесудің маңыздылығын атап өтті. Биыл олар Алматыда алғаш рет академия өткізген “Жастар және полиция” республикалық форумына қатысты. Жастардың мұндай саналылығы лекторды қуантты. Ол жастардың заңды сауатты, мақсатқа ұмтылған өкілдері – Елбасының айтуынша, бірлескен күш-жігермен Қазақстанды бұзылмайтын монолитке айналдыруға мүмкіндік беретін елдің негізі екенін атап өтті.