Алматы академиясының амбассадоры жүзуден әлем чемпионы атанды

Алматы академиясының амбассадоры  жүзуден әлем чемпионы атанды
Сурет: видеодан алынды

ҚР ІІМ Алматы академиясының амбассадоры әлем бойынша жүзуден чемпион атанды  

Спортшы 15-18 маусым аралығында Италияда өткен жыл сайынғы алыс қашықтықта жүзуден әлемдік марафонына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алия Жолдасбаева Орта теңізін ең алыс - 14 шақырым қашықтықта бірінші болып жүзіп өтіп, бас жүлдеге ие болды. Алия Жолдасбаеваның есімі бүкіл әлем бойынша жеңімпаздардың аттары жазылған тақтайда ойып тұрып орын алды. Жеңімпаз өзінің жеңісін кәсіби мейрам – Қазақстан полициясы күніне арнады.