Алматы әуежайында қауіпті қылмыскер қолға түсті

Алматы әуежайында қауіпті қылмыскер қолға түсті
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызмкеткерлері Алматы қаласының әуежайында шетелдік террористік орталықтарға қосылуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кетпекші болған жерінен ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ведомствоның хабарлауынша, ол бұрын ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған.

"Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған. Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деп күдікке ілінді", делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.