Алматы әкімінің орынбасары үшемнің ата-анасын құттықтады

Алматы әкімінің орынбасары үшемнің ата-анасын құттықтады
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында үш ұл бала - үшем дүниеге келді.

Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова перзентханадан шығаруға қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Сіздерді қаланың барлық тұрғынының атынан шын жүректен құттықтаймыз! Бұл шынымен де керемет оқиға. Ана мен балаға зор денсаулық, мол табыс және барлық жақсылықты тілеймін», - деді қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. 

Шақалақтардың салмағы 1990 гр, 1940 гр және 2200 грамм.  
Алматы қаласы әкімдігінің атынан бұл отбасыға балалар арбасы, ойыншықтар мен түрлі жиынтықтар сыйға берілді.