Алматы әкімі Ерменсайдағы су тарту мәселесіне түсініктеме берді

 Алматы әкімі Ерменсайдағы су тарту мәселесіне түсініктеме берді
Сурет: Baq.kz

Кездесуде аудан тұрғындары әкімге өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Тұрғындардың бірі Бостандық ауданы Ерменсай шағын ауданында сумен жабдықтау бойынша ақпарат алғысы келді.

Бұл сұрақа Алматы әкімі Ерболат Досаев:

«Ерменсай бойынша біз жұмысты бастадық. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманы осы жылдың қыркүйегінде күтеміз. Осыдан кейін біз конкурс жариялап, құрылысты бастаймыз», - деп  жауап берді.