Алмалы ауданында 2000-нан астам шам орнатылды

Алмалы ауданында 2000-нан астам шам орнатылды
almaty-akshamy.kz

Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев Алматы ӨКҚ брифингінде көше жарығын жаңғырту туралы айтып берді. Ауданның көше жарығына бюджеттен 837,8 млн теңге бөлінді.

Тамыз айынан бастап барлығы 2391 шам және 18 км кабельдік желі ауыстырылды. Аудан әкімі өз сөзінде тұрғындардың ең көп өтініштері көшелерді жарықтандыру мәселесіне қатысты екенін атап өтті.

«Егер аптасына 60-70 өтініш келіп түссе, олардың шамамен 40% - ы көшені жарықтандыруға қатысты. Ағымдағы жылы ауданның көше жарығына бюджеттен 837,8 млн. теңге бөлінді. Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен «Алматы Қала Жарық» МКК - мен шарт жасалды», - деді А.Жақыбаев.

Сонымен қатар, жедел әрекет ету үшін желіге күн сайын 7 арнайы техника шығады, өткен жылы бір ғана бірлік болған. 2023 жылғы тамыздан бастап тұрғындардан 308 өтінім келіп түсті, оның ішінде 236 (76%) пысықталды, бұл ретте өтінімдерді қарау уақыты 5 тәулікке дейін төмендеді.

Сондай-ақ, Қазыбек би, Әйтеке би, Жамбыл, Абай көшелеріндегі LED-шамдарды ауыстыру жұмыстары аяқталуда. Желтоқсан айының соңына дейін Қарасай батыр, Құрманғазы, Абылай хан көшелерін ауыстыруды аяқтау жоспарлануда.