Алдағы үш жыл ішінде елімізде 504 мектеп салу жоспарланған

Алдағы үш жыл ішінде елімізде 504 мектеп салу жоспарланған
Сурет: Ult.kz

Олардың құрылысына 2,6 млрд теңге бөлінуі мүмкін.

Қаражат сомасы ашық талқыға шығарылған «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» жобасында жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептер санын төмендету үшін құрылысқа жұмсалатын шығындар қайта қаралды. Осыған байланысты «Жайлы мектеп» жаңа пилоттық Ұлттық жобасы дайындалды. Оның аясында үш жылдық мерзімде жалпы сомасы 2 606 596 055 теңгеге 504 мектеп салу жоспарлануда», - делінген бюджет жоспарында.

Құжатта көрсетілгендей, мектеп құрылысына бағтталатын қаржының 500 млн теңгесі келесі жылы бөленеді. Ал қалған 2 млрд теңгеден астам қаражат 2025 жылға дейін берілмек.