Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлерінде ыстық болады

Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлерінде ыстық болады
Сурет: Proprikol.ru

16-18 маусымға арналған ауа райы болжамы.

«Қазгидромет» мамандары алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алдағы үш тәулікте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Жекелеген аудандарда күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 16 маусымда елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. 

«Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінің тұрғындарын нағыз жазғы ауа райы қуантады: күндізгі ауа температурасы біртіндеп 25-30 гралусқа дейін, ал Қарағанды облысының оңтүстігінде 35 градусқа дейін көтеріледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында.