Түркістан облысында жыл басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Түркістан облысында жыл басынан бері үшінші үшем дүниеге келді
Сурет: Іnform.kz

Нәрестелерге Ақжүрек, Ақниет, Қасиет деген есім берілді.

Түркістан облысында жыл басынан бері үшінші үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Төлеби ауданы, Леңгір қаласының 36 жастағы тұрғыны Ақбота Құдайбергенова екі қыз, бір ұл босанды. Сәбилер бүгінге дейін периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында болған. Қазір ана мен нәрестенің жағдайы бірқалыпты. Отағасы Темірбек Тәжиев құрылыс саласында еңбек етсе, отанасы Ақбота Құдайбергенова мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жұмыс істейді. Бұған дейін екі ұлы мен бір қызы бар отбасы бірден 6 балалы болып, қуанышқа кенеліп отыр.

Екі күн бұрын Түркістан облысында 23 жастағы ана үшем босанған болатын. Үш қызға Раяна, Разия, Райхана есімі берілген.