Алатау ауданында 875 млн. теңгенің 19 жаңа жоба іске асырылатын болады

Алатау ауданында 875 млн. теңгенің 19 жаңа жоба іске асырылатын болады
2gis.kz

Жайлы қалалық ортаны құру жұмыстары аясында сәуір айының басынан бастап «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының бірінші кезеңінде 1,8 млрд. теңге сомасына 35 жоба толығымен аяқталды.

Жобаларда футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, жаяу жүргіншілер және жасыл аймақтар қарастырылған. Қосымша бөлінген 875 млн. теңгені ескере отырып, Алатау ауданында тағы 19 жаңа жоба іске асырылатын болады. Олар осы жылдың қараша айына дейін аяқталады.