Қала әкімі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында селден қорғайтын бөгеттер салынып жатқан жерлерде болып, өзен арналарын жақсарту және инженерлік коммуникациялар салу барысымен танысты.

Мегаполис әкімі өзінің Instagram-дағы аккаунтында Есентай, Тіксай, Жарбұлақ өзендерінің жағалауларын қайта құру және абаттандыру барысы туралы айтты.

«Гидротехникалық құрылысты қоса алғанда, өзен арналары ретке келтірілмек. Жағалаулар габионмен нығайтылып, қараусыз қалған учаскелерде жаяу жүргіншілерге арналған жолы бар жаңа қоғамдық кеңістік құрылады. Жүруге ыңғайлы жол жабындысы төселіп, қойылатын орындықтардың табиғи материалдан болуына мән бердім», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, әкім Үлкен Алматы мен Ақсай өзендері бассейндеріндегі бөгеттердің құрылыс алаңдарын қарап шықты. Мақсат – қаланы селден қорғау. Бұл өзендердің бассейндерінде, тауларда қауіпті үш мореналық көл бар.

«Құрылыс жұмыстары кезінде қозғалысқа шектеу қойылуы мүмкін. Жасыл экономика басқармасына жұртшылықпен бірлесіп, мәжбүрлі түрде кесілген жасыл желектің орнына өтемдік негізде егілетін жұмыстарды бақылауды тапсырдым», — деп атап өтті Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Шаһар басшысы Наурызбай ауданына қарасты Қарағайлы ықш.-дағы Тәжиев көшесінің бойымен Қарғалы өзені арқылы өтетін көпірдің жөндеу жұмысын, Ақжар мен Тастыбұлақ ықш.-дағы инженерлік желілердің құрылысын көріп қайтты.

Қала әкімі тұрғындармен кездесіп, мәселені жеке бақылауына алатынын айтты. Жоба толық аяқталысымен жолдар қалпына келтіріледі. Сумен жабдықтау және су бұру желілерін жүргізу жұмыстарының сапасына ерекше мән берілмек. Бұл жөнінде тұрғындардың үнемі хабардар болуы мәселесі де бақылауда болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *