Ақтөбеде Мемлекеттік Ту төмен түсірілді

Ақтөбеде Мемлекеттік Ту төмен түсірілді
Cурет: Inform.kz

Көк байрақ желдің екпінінен жыртылып қалмас үшін жасалған

Ақтөбе қаласында ауа райының нашарлауына байланысты Мемлекеттік Ту түсірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл жайындағы мәліметті облыс әкімінің баспасөз қызметі таратты.

«Құрметті ақтөбеліктер! Ақтөбеде желдің күшеюіне байланысты 12 шағынаудандағы айналма жолда орнатылған Мемлекеттік Ту уақытша алынды және ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта тұрған Мемлекеттік Ту жел басылғанға дейін түсіріліп қойылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл көк байрақ желдің екпінінен жыртылып қалмас үшін жасалған.

Жел басылған соң Ту қайтадан орнына ілінеді.