Бостандық ауданындағы мектеп 425 оқушы орынға кеңейді

Бостандық ауданындағы мектеп 425 оқушы орынға кеңейді
almaty-akshamy.kz

Қала күнінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев биылғы оқу жылында есігін ашқан №199 мектеп-гимназияның жаңа корпусында болды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Бостандық ауданындағы №199 гимназияның жаңа корпусы мектептегі оқушы орнынңһың тапшылығын толығымен жабады. Осы уақытқа дейін жобалық қуаты 168 орындық мектепте 482 бала оқыды. Орын жеткіліксіз болды. Енді 425 орындық жаңа корпустың арқасында барлық мектеп оқушылары жайлы жағдайда оқи алады.

«Көп жұмыс жасалды, қазір біздің гимназияның кеңейгеніне өте қуаныштымын. Бүгінде ауданымыз өсуде, көптеген жаңа үйлер салынуда, оқушы орындары жетіспейтіндіктен, мектептер салу қажет», - деді қала әкіміне білім беру ардагері Әсем Сүлейменқызы Беспаева.

Білім беру объектілерін салу құрылысты сапалы жүргізуге әрі мектептің жаңа  корпусын барынша қысқа мерзімде пайдалануға беруге ықпал етті: құрылыс жұмыстары өткен жылы басталды, ал 2021 жылдың қыркүйегінде мектеп жүздеген оқушыларға есігін ашты.

№199 көркемдік-эстетикалық және итальян тіліне мамандандырылған гимназия мектебінің директоры Сандуғаш Нышанова бұл білім беру мекемесі 2017 жылы №2 балалар үйінің ғимаратының базасында ұйымдастырылғанын атап өтті. 1962 жылы салынған ескі ғимарат барлық қажеттіліктерді қанағаттандырмады және көп балаларға есептелмеген. Сондықтан, әкімдік жаңа білім беру ғимаратын салу арқылы оны жаңғыртуға шешім қабылданды.

«Жаңа мектеп ғимараты үш қабатты. Онда 240 орындық асхана, акт залы, үлкен спорт залы, заманауи кітапхана және мұғалімдер бөлмесі бар. Бұл ғимарат заманауи мектептің барлық стандарттары мен нормаларына сәйкес келеді. Сыныптар компьютермен жабдықталған, көркем  сабақтар өткізудің барлық арнайы  құрылғыларымен жабдықталған», - деді гимназия мектебінің директоры.

С. Нышанова жалпы білім беретін пәндер жаңа корпуста оқытылатынын, ал ескі корпустағы шеберханалар  шығармашылықпен айналысуға сай жабдықталатынын айтты. Сонымен қатар, ескі ғимаратты өнер мектептерінің стандарттарына сай етіп жаңарту жоспарлануда.

«Жаңа корпусты салып бергеннен өзге  бізге қоршауды ауыстырды, аумақты абаттандырды, ағаштар отырғызды. Мектепті, кітапхананы безендірудің дизайнын біз өзіміз жасадық», - дейді мектеп директоры.

Алматыда 2021-2022 оқу жылында жалпы контингенті 300 мыңнан асатын 289 мектеп бар, оның 207-сі мемлекеттік және 82-сі жекеменшік мектептер. Оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен шешу үшін білім беру объектілерінің құрылысы жүргізілуде.

Жалпы қаладағы мектеп оқушыларына жайлы оқу үдерісін қамтамасыз ету мақсатында биыл 12 600 орындық 8 мектеп салынуда: 5100 орындық 3 мектеп ағымдағы жылдың желтоқсанында беріледі, 2022 ж. қалған 5 мектеп екінші тоқсанда пайдалануға беріледі. Жалпы, жыл соңына дейін жалпы саны 16 мың оқушы орны бар 31 білім нысаны іске қосылады.