Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
сурет: polisia.kz

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ақтауда полиция кәмелетке толмаған балаларды өлтірді деген күдікпен олардың әкесін ұстады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтаудағы 27-шағынауданда орналасқан пәтерден зорлықпен өлтіру белгілері бар күйінде жасөспірімдер табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.