АҚШ Тайваньға әскери көмек жібермек

АҚШ Тайваньға әскери көмек жібермек
Сурет: ашық дереккөз
АҚШ президенті Джо Байден Вашингтон АҚШ қорғаныс министрлігінің резервінен Тайваньға 345 миллион долларға дейін көмек көрсететінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ABC телеарнасының хабарлауынша, көмекке тасымалданатын әуе қорғанысы жүйелері, атыс қарулары, зымырандар, барлау және бақылау құралдары кіреді.

Байден әкімшілігі алғаш рет аралға қорғаныс резервтерінен қомақты әскери көмек жіберу туралы шешім қабылдап отыр.

"Пентагонның қорғаныс өнімдері мен қызметтеріне, Тайваньға көмектесу үшін әскери салада білім беру және оқытуға 345 миллион долларға дейін қаржыландыруға бұйрық берілсін", – делінген Байден жасаған мәлімдемеде.

Бұған дейін Тайвань Қорғаныс министрлігі АҚШ-тан NASAMS әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін сатып алуға ниетті екенін білдірген.