Ақселеу Сейдімбектің тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды

Ақселеу Сейдімбектің тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды
Сурет: Самат Құсайынов

Қаламгер бұл үйде 1987-1999 жылдары тұрған.

Белгілі қоғам қайраткері, қаламгер-ғалым Ақселеу Сейдімбектің тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бүгін Алматыда көрнекті жазушы, ағартушы-ғалым, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің тұрған үйіне орнатылған мемориалдық тақтаны жазушы-драматург Кәдірбек Сегізбаев пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев салтанатты түрде ашты.

Ескерткіш тақта көрнекті жазушының Алматыда өзі тұрған үйдің (Алмалы ауданы, Қожамқұлов көшесі, 128 үйдің (Әйтеке би көшесінің қиылысы) қабырғасына орнатылды. 

Іс-шараға Қазақстанның өнер, мәдениет және қоғам қайраткерлері, жазушының әріптестері мен туған-туыстары қатысты.