«Ақкент» тұрғын үй кешенінен тағы да өрт шықты

«Ақкент» тұрғын үй кешенінен тағы да өрт шықты
Сурет: Orda.kz

Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешенінде бір пәтерлі үйден өрт шықты.

Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешенінің тұрғындары түнгі уақытта тағы өрт сөндірушілерді шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, өртсөндірушілер 8 тамыз, сағат түнгі 03:45-те Алатау ауданы, «Ақкент» шағын ауданы, 68 үйден шыққан өртті сөндірді.

«9 қабатты үйдің 2-ші қабатындағы 1 бөлмелі пәтер ішіндегі S=30 м2 аумақта үй тұрмысындағы заттар өртенді (матрас, зақымдалған ас үй жиынтығы)», - деп хабарлады ТЖД-да.

Тұрғындар тағы да ұйымшылдық танытып, өрт сөндіру көліктеріне жол ашып, жолда тұрған көліктерді жолдан итеріп тастаған. Оқиғаның видеосы желіге тарады.