Air Astana қазақстандықтарды алып келуге Тель-Авивке ұшып кетті

Air Astana қазақстандықтарды алып келуге Тель-Авивке ұшып кетті
almaty-akshamy.kz

Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуекомпаниясы жоспарланған Тель-Авивке рейсі Астана уақытымен бүгін   таңғы 08.00 кезінде Алматыдан ұшып кетті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  airastana.com сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандықтарды алып, кері қайтатын рейс жергілікті уақытпен бүгін түнгі 23.45 шамасында Алматыға қонады.