Air Astana Германияға рейстерін уақытша тоқтатады

Air Astana Германияға рейстерін уақытша тоқтатады
almaty-akshamy.kz

Air Astana 2024 жылдың 07 наурызында Франкфурт әуежайында авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуілі салдарынан KС921/KС922 Астана-Франкфурт-Астана рейстерінің орындалмайтыны туралы хабарлады. Осы рейстердің жолаушыларына тиісті SMS хабарламалар жіберілді.

Бұл рейстердің жолаушыларына сервис ақысынанан басқа билеттің пайдаланылмаған бөлігін толық қайтару, сондай-ақ билеттің құнын толық қайтару немесе 2024 жылдың 14 наурызына дейін орындалатын рейстерге айыппұлсыз қайта брондау қарастырылған.

Әуекомпания рейстердің орындалмағанына және соның солдарынан туындаған қолайсыздықтар үшін өкініш білдереді. Билетті қайтару және қайта брондау туралы сұрақтар бойынша әуекомпанияның Көмек орталығына хабарласып, рейсттің мәртебесін ресми сайтынан тексеруді сұраймыз.